Бір күні Пайғамбарымыз үйіңізге келсе...
Бір күні Пайғамбарымыз үйіңізге келсе...

Барлығы Тек Алланың қалауымен, біз тек армандап көрелік...

Егер бір күні пайғамбарымыз үйіңізге бірнеше күн тұруға келіп, тұтқиыл есігіңізді қақса, не істер едіңіз? Иә, көрмесек те, сіздің Адамзаттың асылын ең жақсы безендірілген бөлмеңізге кіргізіп, ең дәмді тағамдармен сыйлап, күллі әлемге мақтанышпен жар саларыңызды сезіп тұрмыз.

Алайда сұрағымыз басқа, Пайғамбарымыз келгенде, сыртқа шығып күтіп алар ма едіңіз, әлде үйіңізге қарай асығыс-үсігіс шашылып жатқан газет-журналдардың орнына сіз өмір ашпаған Құран Кәрім мен Хадис-шарифтерді қойып қоюға жүгіресіз бе? Ең жақын деген достарыңызды Пайғамбарымызға көрсетіп, таныстыра алар ма едіңіз, сосын, тіпті, байқамай, сабырсыздығыңыздан аузыңыздан күндегі былапыт сөздеріңіз шығып кетсе ше?

Иәәә, Ұлы адам сіздің үйде отыр, сіз бақыттысыз. Дегенмен енді сіз үйіңізде жантайып жатып, күндегі бітпейтін үндінің сериалдарын көріп, шетелдің музыкаларын тыңдай аласыз ба?

Жақсыдан шарапат. Сіз енді елден көп артықсыз. Алайда, азанда тағы да намазға тұрмай ұйықтап жата аласыз ба, кешегі жоспарлап отырған тойлар мен отырысыңызға Оны бастап бара алар ма едіңіз? Жолдасыңызға, бала-шағаңызға күндегідей ұрсып сөйлеп, көршілер мен есігіңізді қаққан қайыршыларға қандай мәміле де болар едіңіз, үйіңізде, көшеде күндегідей еркін жүріп, күндегі қимылдарыңызды істей аласыз ба?

Пайғамбарымыз кеткенде қимастықпен жылап қаласыз ба, жоқ әлде «уфф, ақыры кетті-ау!» деп қуанасыз ба???

... Егер бір күні пайғамбарымыз үйіңізге бірнеше күн тұруға келіп, тұтқиыл есігіңізді қақса, Қайтер едіңіз???

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
2 жыл бұрын 827
7 пікір
  • Алла разы болсын!
    2 жыл бұрын
  • Иә, ой салады, осы орайда мына шумақ ойға оралады екен
    ...Десем дағы махаббатым толық тым
    Жүрегіме үңілдiм де қорықтым.
    Сені сүйген асхабыңның тіпті біз
    Тырнағына татымаймыз, соны ұқтым...
    2 жыл бұрын
  • Осындай орамды ойды ортаға тастаған сізге де Раббым разы болсын,
    Біз айтпасақ сырын ашар кім мұның,
    Жасырғаным - жамандығым, ұрлығым.
    Пайғамбарды сүйген жандар осылай
    Әрқашан да , қуаттайды бір-бірiн...)))
    2 жыл бұрын
  • Я, Расулалла! Сені өз үйімде көрмек тұрмақ, Сен жайлы қалам тербеуге мына әлсіз жүрек пен күнәһар тіл лайық па?!..
    2 жыл бұрын
  • Бул сурак жайында ойланбаппыз. Жаксы ой салдыныз бауырым. Алла разы болсын!
    2 жыл бұрын