Ел болам десең бесігіңді түзе
Ел болам десең бесігіңді түзе

«Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді ата қазақ. Тарихи тұрмыс дағдысынан қалыптасқан осы бір қазақы мақалдан - бесіктің Қазақтың ұлттық болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне қаншалықты маңызды орын алғанын аңғару қиын емес тәрізді.

Заман өзгеріп, техника дамып, тал бесіктен электорнды бесікке де қадам қойдық. Қоғам жаңаланды. Соған ілесе, ата-бабадан мирас болып келе жатқан қасиетті бесік атауының өзі де «архаизм» қатарына бірітіндеп қосылып бара жатқаны да жасырын емес.

Ал, шын мәніндегі қазақ бесігі қандай еді. Сол жайында шамалы тырбанып көрелік.

Бесіктің қазақ халықында қашаннан бері қолданыста болып келе жатқаны туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ертедегі сақ, үйсіндер кезінен қолданып келе жатқаны анық. Бұған «Қорқыт ата жырларынан» да байқауға болады. Қазіргі күнде әлемнің Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан мен Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланылғаны жөнінде айтылады.

Әдетте, қазақы дәстүрлі бесіктер ағаш материалдан жасалады. Ұзындығы 85-90см, биіктігі 50-60см болып келеді. Қауіпсіздік және Әсемдік үшін бесікке жөргек, көрпе, түбек, шүмек, тартпа бау қатарлы көптеген жабыдықтары жасалынады.

Қазақ аналарының бесіктің киесі мен қасиеті туралы әңгімелері мен медицина ғалымдарының бесіктің бала тәрбиесіндегі ғылымилығы туралы зерттеу нәтижелері өз алдына бөлек тақырып. Бөлек әңгіме. Ең алдымен, Бесік баланың сау денелі болып өсуін қамтамасыз етеді, сонымен бірге, бесіктегі нарестеге айтылған жырлар- бүгінгі күнгі қазақ ән өнерінің алғашқы тамыр іспеттес. Бесіктегі тербеліп жатқан баланың қан айналысы жақсарып отырады... Айта берсек көп.

Қоғам дамып, жаһандану процесі ұлғайған сайын, ұлттық болмысты сақтап қалу мен жұтылып кетпей аман қалу да – үлкен ерлік, ұлы  жеңіс сияқты көрінеді маған. «Бесік жырын білмейтін анадан қорқам» деуші ме еді Баукең. Оған қосылып енді, бесіктің не екенін білмейтін ұрпақ өсіп келе жатқанынан да қорқатын болдық.

Асан қайғыша жерұйықты аңсап, болмаса Қорқытша күңіреніп отырғанымыз жоқ. Иманына енді оралған қазақтың дәстүрін жоғалтпайтынына да сенеміз. Біздікі тек Қазақтың әр үйінде бесік тербеліп тұрса екен, бесік тербетер ұл-қызыңның жүрегінде иман, жүзінде нұр болса екен деген тілек ғана... сіз не дейсіз!!!

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
2 жыл бұрын 1426
3 пікір
  • Мәке тамаша жазыпсыз. Алла разы болғай! Біреудің қаңсығы бүгін бізге таңсық болды. Пампирстің қаншалық зиянды екенін білсек те, еш зауалы жоқ бесікті тастап соған көшіп кеттік.
    2 жыл бұрын
  • Қайрат аға. Сізге де Алла разы болсын. Бүгінгі бір әңгімелерден кейінгі туылған ой-сымақ еді... Рахмет...
    2 жыл бұрын
  • Машалла , "Мұздай бесік таянып, Түнде тұрып оянып..." деп бесiктi жырларына арқау еткен бабаларымыздың белдері бесік табын көргендіктен, тазалық пен тектіліктiң темірқазығы болған ғой. Ойланатын нәрсе...... Алла разы болсын!!!
    2 жыл бұрын