Мұсылман деген кімдер???
Мұсылман деген кімдер???

«...Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, “Мұсылман” деп атады... ("Хаж" сүресі, 78-аят).

Осылайша, Алла тағала адамзат тарихында өзінің дініне бойсұнғандарды «мұсылман» деп атаған. Алайда, Адам (ғ.с.)-нан тартып Иса (ғ.с.)-ға дейінгі келген әрбір пайғамбар өмірден өткен соң оларға ілескен бір бөлім адамдар Алланың дініне бойсұнудың орнына Алланың дінін өздеріне бойсұндырып, оны өз мүддлері үшін қызмет ететін жағдайға әкелген, тіпті олар Алланың дінінің де атын өзгерткен.

Осылайша, «Мұсылман» деген ұлы есім өзгертілген діннің мүриті деген мағынаны білдіретін басқа бір есіммен алмастырылған. Мұса (алейһис салам) дәріптеген «исламды» «яһудилікке», Иса (алейһис салам) уағыздаған «исламды» «христиандыққа» өзгерткендер бұған мысал бола алады. Алайда олар Алла Тағала өзі жіберген, өзі қорғайтын Құран Кәрімге еш өзгеріс енгізе алмады, сол себепті, «Мұсылман» деген қаситетті есімді де жойып жібере алмады.

Олардың ендігі амалы, мұсылман жұртшылығы ішінде бүлгіншілік тудыру болды. Жалған хадис жасаушылар, хадисті жоққа шығарушылар т.б. топтар ислам тамырына қарақұрт болып ендей бастады.

Соның әсерінен, Пайғамбарымыз өмірден өткен соң, мұсылмандар өздерін таныстырғанда «мен сүнни мұсылманмын» немесе «мен шиға мұсылманмын» деп атамаса болмайтын күйге жетті. Тіпті, заман өткен сайын «мұсылман» сөзі түсіп қалып «мен сүнни», «мен шиға» деу пайда болды.

Әһли-Сүннадағы хақ мазһабтарды ұстанушылардың басым көбі мазһабтардың ислам дінінің тірегі екеніне қарамай, бір-бірін "Мұсылман" атаудың орнына "Ханафит", "Шафиғит"... деп атай бастады. Бұл да аз болғандай мазһаб ұстанбаймыз дейтін топтар пайда болды. Бұл "Мұсылман"  деген ардақты ұғымды әлсіретіп жіберген жоқ па екен?!

Осылайша, Әһли-Сүннадағы 4 мазаһбты ұстануышылар мен мазһабты жоққа шығарушылар арасындағы, олармен жаңадан пайда болған ағымдардың арасындағы бөлінушіліктен бүгінгі күнгі исламның жайын бағамдай бересіз... Атынан, біртұтастығынан айырылған мұсылмандардың ертеңгі күнінің қалай боларын тек бір Алла ғана анық білуші.

Айтарға сөз көп... соңында, сіз бен бізді Пайғамбарымыз суреттеген мұсылмандар болуға Алла өзі нәсіп еткей. Есіңізде болсын, біз бауырмыз!!

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
2 жыл бұрын 783
2 пікір