Ұлт туралы әзілді, зілді шумақтар
Ұлт туралы әзілді, зілді шумақтар

«Қашайын деп тұрған киік еді, артына таяқ тиіп еді» - дейтін бе еді, дана қазақ? ...

Әзер жүр едік, Карантин да жақсы болды, оқуға, сызуға уақыт табылды, ұйықтауға да ... тек, ел аман болсын. Бұл карантин – зейін, зердені арттырумен ғана аяқталсын деп бет сипалық!

Бекер жатпайық дедік, сосын сөреде шаң басып тұрған кітаптарды бір-бір парақтап шықтық. Ол да болмағасын интернетті әурелеуге тура келді. Біраз нәрсе осында ғой, негізі. Таптық, оқыдық, көрдік, естідік.. одан да жылықтық...

Сосын, «қызықтау не бар екен» деп жаза қойдық гугілге. Мыналар шықты. Көшіріп алдық. «Осында қояйық, жұрттарда көрсін» - деп шештік соңында.

 Жолдау бізден болғанда, толық оқу сізден.

 Ат-арбаға доңғалақ, қамыт қымбат,

Жалаң-аяқ қалдың ба, шарық қымбат!

Өлу қиын емес қой, көму қиын,

Өзіңнен де, өйткені, табыт қымбат! (Мұхтар Құрманалин).

 

Көбік сөзге қайсыбір қосыла алман,

Зұлымдықтың ызғары өсіп алдан,

Абайды да сабаған өзімізбіз,

Махамбеттің басын да кесіп алған (Дәуітәлі Стамбеков)

 

Жақсыны даттап жоқ қылдық,

Жаманды мақтап көпірдік,

Қанденге қасқыр алғызып,

Құмайға тышқан соқтырдық,

Жалғанның жалған екенін,

Қос мүшел жасқа келіп білдік. (Әубәкір Смайыл)

 Блок талабымен ұзаққа созбадық. Жалғасы бар....

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
11 дней назад 339
0 комментариев
О блоге