Бауыржан Әлиұлы - Сумах немесе сумак жайлы...
Бірнеше күннен бері интернет желісінде, уатсапта "сумах" деген өсімдік короновирустың емі деген сөз желдей есіп жүр. Айтуларына қарағанда оны Түркияның Шырнақ ауданына қарасты Жизре ауылында тұратын намазхан бір апайға Пайғамбар түсінде айтқан екен. Пайғамбар оған түсінде: Сумахты суға араластырып ішкен адам коронавирусты жұқтырған кісі болса құлан-таза айығып кетеді, ал жұқтырмаған кісі ішсе коронавирус оған жұқпайды" деп айтыпты. Біріншіден мына мәселені түйсініп алайық "түстің" негізінде діни яғни сенім, фиқһи (шариғи) мәселелер қалыптаспайды. Емдік мақсатта ішуге қолданылатын дәрілер де,...