Бірнеше күннен бері интернет желісінде, уатсапта "сумах" деген өсімдік короновирустың емі деген сөз желдей есіп жүр. Айтуларына қарағанда оны Түркияның Шырнақ ауданына қарасты Жизре ауылында тұратын намазхан бір апайға Пайғамбар түсінде айтқан екен. Пайғамбар оған түсінде: Сумахты суға араластырып ішкен адам коронавирусты жұқтырған кісі болса құлан-таза айығып кетеді, ал жұқтырмаған кісі ішсе коронавирус оған жұқпайды" деп айтыпты.
Біріншіден мына мәселені түйсініп алайық "түстің" негізінде діни яғни сенім, фиқһи (шариғи) мәселелер қалыптаспайды. Емдік мақсатта ішуге қолданылатын дәрілер де, өсімдіктер де шариғаттың шеңберіне кіреді.
Екіншіден Пайғамбарды түсте көруге әбден болады. Оған дау жоқ. Бірақ әлгі апайдың көрген әрі кетсе тек сол апайға ғана қатысты болады.
Айта кетерлік жайт сумахтың шынымен-ақ емдік қасиеті бар екен. Асқазан ауруларына, қуықтың қабынуына (циститке) пайдасы бар. Сондай-ақ ғасырлар бойы араб пен түріктің тамағында дәмдеуіш ретінде пайдаланылып келеді))).
Қорыта айтқанда емді еліміздің ақ халатты абзал жандары дәрігерлердің аузынан, кеңесінен іздейік. Елімізде енгізілген төтенше жағдайдың тәртібіне бағынайық. Сумах іздеп кетпейік)).
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Сумах Солтүстік Америкада, Африкада, Шығыс Азияда т.б жерлерде ағаш тектес өсімдік.