Сирияда кім немесе не жүр???
Сирияда кім немесе не жүр???

Адамды сүй, Алланың хикметін сез! - Бұл арысы Абайдың, берісі күллі қазақтың исламдық дүниетанымы. Сонымен бірге, бұл Ислам шариғаты мен қазақи адамтану ілімінің біртұтас жүйе екендігінің де нақты дәлелі.Ендеше, исламды қазіргі қазақ мәдениетінен бөле қарауға болмайды.
Негізі айтпағым,  "ИМ" -дегі Қазақ балалары туралы қайта-қайта шығып жатқан видео жайлы-тұғын. Шын-өтірігі белгісіз осы видео туралы әркім әртүрлі пікір айтуда. бір өкініштісі, Сириядағы қантөгіске исламды қаралайтындарда жетерлік.

Шатаспайықшы ағайын, Онда Ислам емес, жәй адасқандар жүр.

Онда шариғи заң емес, әлдекімге керек жеке мүдде жүр.
Білуге тиіспіз-Қазақ балаларын адастырған ислам емес, өзіміздің діни сауатсыздығымыз.

Шын мәніндегі ислам- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ, АДАМДЫҚ БАУЫРМАЛДЫҚТЫҢ, ІЗГІЛІКТІҢ ТОҒЫСҚАН БИІГІ.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
9 жыл бұрын 3434
0 пікір
Блог туралы