- Шырақ неге өшіп қалды?
- Өйткені, оны желден қорғау үшін тоныма орап алған едім .
- ....
МІНЕ БҰЛ ЖЕҢІЛТЕКТІК.
- Гүл не үшін қурап қалды?
- Ынтызарлық және сабырсыздықпен құшағыма қысқан едім.
- ...
МІНЕ БҰЛ ЖАЛҒАН МАХАББАТ.
- Дәрия неге тартылып қалды?
- Тек маған қызмет етсін деп тоспа қойып едім.
- ...
МІНЕ БҰЛ ӨЗІМШІЛДІК.
- Аспаптың ішегі неге үзілді?
- Өйткен, ең жоғары дауысқа шығару үшін барынша қатты теңшеген едім.
- ...
МІНЕ БҰЛ ТӘКАППАРЛЫҚ.