Бір кісі бір оқымыстыдан үш сұрақ сұрапты:
Бірінші сұрақ, Құдай бар деп қоймайсыңдар, көрсетші маған?
Екінші сұрақ, күнә, күнә деп шуалғанда сондайсыңдар. Адам байқұста бірдеңе жасай алатындар қауқар қайда? Егер адамда бірнәрсе жасай алайтындай қуат болса, барлығын жақсы етер еді ғой, демек, бәріне Құдай кінәлі. Солай ғой?
Екінші сұрақ, Құдай шайтанды қалай отпен жазалайды, Ол малғұнның өзі оттан жаралған емеспе?
Оқымысты жауап берудің орынына жерде жатқан бір кесек лай кірпішті алып ананың басына бір қойыпты.
Сонымен не керек, сұхбаттың аяғы соттан бірақ шығыпты.
Қазы оқымсыты сотқа алдырып, жауапқа тартпақ болыса керек.
Сонда оқымысты: ана кісінің маған үш сұрақ қойғаны да, менің оны кірпішпен ұрғаным да ып-рас, шып-шын. –деп жауап қатыпты.
Мұны естіп, көзі бажырайып, түсінбей отырған қазыға қарап оқымысты былай десе керек:
Менің оны ұрғаным үш сұрағына берілген жалғыз жауабым. Түсіндірейін:
Бірінші, ана кісі басым ауырып тұр дейді. Ендеше маған ауыруын көрсетсін, мен Құдайды көрсетейін;
Екінші, барлық күнаға Құдай жазықты болса, онда мені не үшін сотқа беріп тұр?
Үшінші, топырақтан жаралған адамды топырақтан жасалған кірпішпен ұрып қалайша зақымдауға болсын.
Сот аяқталыпты.