Ақыт қажы мұрасы
Ақыт қажы мұрасы

Ақыт қажы Үлімжіұлы туралы айтылып та, жазылып та жүр. Шекара сыртындағы ғұлама ойшылдың егемен елдегі қазақ жұртшылығына енді-енді танылып келе жатқаны көңіл қуантады. Ақыт- Қытай мен Моңғолия қазақтарына ғана емес, күллі қазаққа ортақ тұлға. Ұлы Абайдан 19 жыл бұрын Қазанда кітап шығарған дала ойышлы Шын мәнінде нағыз қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы-тұғын. саяси жағдайларға байланысты кеш таныдық, кеш білдік. Дегенмен, "Ғалымның хаты өлмейтіндігін" Ақыт қажы өмірімен көрсеткендей. 74 жасында қытай түрмесінде ауыр қинаудан көз жұмған ақынның артында мол мұра қалды. Әсіресе, Ақыт қажы исламдық бағытта тұңғыш кітап шығарған философ-ақын.  Ақыт Үлімжіұлының шығармалары жанры жағынан да әралуан: толғау, жыр, қисса, дастан, назым үлгісінде болып келеді, тақырыптық- мазмұндық ауқымы біршама кең. Оның «Смағұлдың қиссасы», «Мұхаммед-Ханафия», «Кесік қол келіншек», «Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы», «Ғали мен Дариға», «Мәликенің жүз жұмбағы» атты күрделі эпикалық діни қиссалары бар. Бұлар да жеке зеріттеуді қажет ететін шығармалар.

Алдағы күндері, Алла қуат берсе, Ақыт Үлымжіұылының Қытайда төтеше нұсқада жарық көрген ислами-насихат өлеңдерін осы блогыма кирил әліпбиімен салып отырсам деген ниеттемін. 

 

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 лет назад 4469
0 комментариев
О блоге