Кеш.
Қаған ордасы.
Орда күндегіден жым-жырт. Әлде бір ұлы шешеімдер қабылданатын күні ордада осындай тынштық орнай қалатын.
«Мына – деді үлкен ойға шомып отырған Ұлы қаған Күлтегін жүзін Тонікөкке бұрып,- мына сахараны аралап жүрген будда дегенің не өзі, біз соған өтсек, ұтармыз қайсы, ұтылармыз қай тұс?»
Өткір жанарымен даладан әлденені барлай қарап отырған Тонікөк ауыр күрсінді де - «Қаған. Будда діні халық арасына таралып, біраз бабаларымыздың оған арнап буддханалар салғанын білесіз. Аумалы-төкпелі күн кешіріп отырған халқымыздың бұл бағы ма, соры ма кім білсін. Бірақ бір білерім, будда деген бұл діннің негізгі сенімі тірі жанға зиян жеткізбеу екен».
Ендеше – деді Қаған қабағы түйле сөйлеп - «желдің өтінде, жаудың шетінде отырған біздер үшін бұл дін жат. Ертең ерегескен жау етектен алса, тірі жанға зиян келтірмейміз деп иіліп отырамыз ба, жооооқ. Бұл дін біздің елдің жауынгерлік рухына сай емес»…
…
п/с. Сол кезде екі алып «Давай» деп жіберсе, бүгін біз будда мүсіні алдында екі алақанымызды біріктіріп, «Амитаба» деп отырар ма едік, кім біледі…Құдай сақтады, Құдай сақтасын… Дін ұлы құндылық ретінде сол елдің ұлттық менталитетімен сай келмесе, бәрі бекер!!!