Ежелгі меркіттер христиан дінінде болмаған
Ежелгі меркіттер христиан дінінде болмаған

Соңғы кездері қай деректі алып қарасаңыздар да, ежелгі Керей, Меркіт тайплары христиан дінін, оның ішінде неостриан бағытын ұстанған деген болжам айтылады. Шындықтан аумай қалғаны соншалық, тіпті сол кезде бұл өзгермес теорияға айналып кетті.

Тарихшы, заңғар жазушы М. Мағуин өзінің «Шыңғысхан» трилогиясында «Меркіттер мен наймандарға христиан діні 11 ғасырлардың басында таралыпты деген сөз бар, 2 ғасырға жуық уақыт елдің рухани сеніміне айналған діннен әлі күнге дейін халық арасында белгі-нышандар болмауы неліктен?» деген заңды, логикаға сиятын сұрақ қояды. Шыныменде, исламға бет бұрған қазақтардың тұрмыстық және әдеби ескерткіштерінде исламдық иіс аңқып тұрады. Керек десеңіз, ислам шариғатына сәйкес қойылған кісі аттары да жетерлік. Ал, христиандық ілімге негізделген есімі бар бірде-бір түркі нәсілін табу мүмкін емес екен.

Тарихшы Рубурк «Наймандар жерін кесіп өттім, 1-2 неостриан ғана кезікті» деп жаза келіп- ханның өзі бұтқа табынған екен- деп көрсетеді. Демек, ертедегі наймандар, керейлер және меркіттер ешқашан да неостриан бағытын ұстанбаған.

Ендеше, христиандық сенімде болды деген пікір қайдан шыққан. Бұған жуап берерде тағыда Мағауинге үңілейік. «Оның - дейді ол - бірден-бір себебі- отаршылдық. Иса мәсіх ілімімен сусындаған тайпалар белгілі деңгейге жетті деген пиғыл».

Қорытынды. Меркіттер христиан сенімінде болмаған. Алғашында тәңіршілдік наным-сенімде болған іргелі ел бүкіл Орта Азия халықтары сияқты ислам нұрымен сусындаған.

Жаужүрек, батыл меркіт тайпасы Юан патшалғы кезінде іргел ел болып тұрған. Мазартайдың баласы Тоқтай Юан елінің уәзірі деңгейіне дейін көтерілген. Атақты Боғда тауының атауының өзі меркіттің Боғда атты батырының есімімен байлынстыратындар да көп.

Қысқасы, меркіттер туралы арыдан, тың үлгіде зерттеу керек.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 лет назад 6444
0 комментариев
О блоге