Халифа Османның (р.а) өсиеті
Халифа Османның (р.а) өсиеті

Расулуллаһтың төрт халифасының бірі,  Мұсылман әлеміндегі әділетті төрт халифаның үшіншісі Осман ибн Аффан (р.а) өзінен кейінгі үмметке төмендегі жеті түрлі адамға деген өзінің таңданысын  қалтырған екен:

  1. Өлім бар екенін білген. Сонда да өмірін ойын-күлкімен өткізген адамға қайран қаламын;
  2. Дүниенің жамандығын біліп тұрып, оны жақсы көрушіге қайран қаламын;
  3. Барлық нәрсенің тағыдырға байланысты екенін біле тұра, айырылған заты үшін қан жылайтындарға қайран қаламын;
  4. Есеп беретін күні келетінін біліп тұрып, сонда да дүние жинағыш адамдарға қайран қаламын;
  5. Тозақтың бар екеніне шүбасыз сенетін. Алайда тағыда күнә жасайтындарға қайран қаламын;
  6. Алланың бар екеніне біліп тұрып, басқа нарселерді ұмыта алмай жүретіндерге қайран қаламын;
  7. Жаннаттың бар екенін біліп тұрып, паниден бақытын іздейтіндерге қайран қаламын.
Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
9 лет назад 3617
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир