Қазақтың ЖАМАН БОЛАДЫ-сы
Қазақтың ЖАМАН БОЛАДЫ-сы

Есіңізде ме, Кішкентай кезімізде жасаған әрбір ісіміз үшін анамыздан үнемі шектеу көретінбіз. Себебін сұрай қалсаң «жаман болады» дейтін де қоятын.  Бұл шектемелер былайша көрініс тауып жатушы еді: Аяғыңды көкке көтерме, бейітке саусағыңды шошайтпа, күлді баспа, үйге қарай жүгірме, бүйіріңді таянба, есінегенде аузыңды жап... тағысын-тағылар. Себебін сұрай қалсаң, жауап біреу-ақ-тұғын. «ЖАМАН БОЛАДЫ».

Есейдік, өзімізше ой түйдік. Енді қарап отырсақ, жаман болады деген осы сөз - қазақы мәдениеттің шариғатпен ұштсақан биік тұсы екен-ғой. Естеріңізде болса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) есiнегенде аузын оң қолының iшкi жағымен не сол қолының сырт жағымен жапқан екен. Анамыз бұны білмейме, әлде білседе айтпайма, әйтеуір алар жауап бағанағы... кезінде фиһқи мәселелер жай халық арасына салына бермейтін. Бәлкім бұл да содан шығар.

«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп жүр кейбір елдер. Не десекте, Осы тыйыммен-ақ қазақтар өзінің танымдық, этикалық пәлсапасын қалыптастырып үлгергені белгілі. "Жаман боладымен" өскен ұрпақтың жаман болғанын көрген жоқпыз. Қазақы ұрпақ тәрбиесінің бесік жырынан кейінгі арқауы да осы сөз.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
10 лет назад 4643
2 комментария
О блоге