Құраннан жауап тапқан Моррис Букай
Құраннан жауап тапқан Моррис Букай

Моррис Букай 20 ғасырдағы  әлемге танымал  ота жасау дәрігері. Ол 1920 жылы 19 маусымда Францияның солтүстік батысындағы кішкентай қалашықта христиан отбасында дүниеге келіп, қаршадайынан католиктік тәрбие алып өседі. Мектеп бітіргеннен кейін, медицина факультетінде оқып, оны жоғары дәрежедегі ота жасау дәрігері болып бітіріп шығады.

1980 жылы Франция үкіметі Мысырдан перғауынның денесін зерттеуге Францияға жіберіп беруін сұрайды. Мысыр тараптың келісуімен Перғауын денесі Францияға жеткізіледі. Франция басшысы мен министрлері перғауынның денесін тап бір тірі патшаны қарсы алғандай үлкен бір салтанатпен күтіп алады. Күтіп алу рәсімі аяқталған соң, перғауын денесі зерттеуге жіберіледі.

Денені зерттеу группасының бастығы Моррис Букай еді... Моррис Букайдың зерттемекші болғаны басқа зерттеушілерге ұқсамайтын-ды. Өйткені, ол перғауынның қалай өлгенін тексермекші болады. Сол күнгі шығарылған зерттеу нәтижесінде, перғауынның денесінде тұз қалдықтары бар екені және оның суға тұншығып өлгендігі анықталады. Бірақ, Моррис Букай бір сұраққа жауап таба алмайды. Дене сонша уақыттан бері мумияланбаған күйде қалай ұзақ сақталынған??

Моррис Букайға қызметкерлердің бірі оған «Мұсылмандар перғауынның теңізде тұншығып өлгеніне сенеді және олардың Құран кітабында перғауынның теңізде өлгендігі және оның денесінің сол күйінде сақталғандығы айтылады» дегенінен кейін, тіпті де шатаса бастайды.

Ол өзіне-өзі: «перғауын денесі 1898 жылыға байқалып отыр, ал мұсылмандар бұл жәйді 10 ғасырдан бері айтып келе жатыр. Бұл қалай сонда, арабтар ғана емес, бүкіл адамзат перғауын денелерінің мумиялап сақталынатынын 10 неше жылдың алдында ғана біліп отырса, перғауынның денесі сол бетінше екенін мұсылмандар қайдан білген?» деп қайта-қайта күбірлеумен болды.

Сол күні Моррис Букай көз ілместен перғауын денесінің қасында ойланумен отырды. Қасына Інжілді, Тауратты алдырып оқыды. Оларда перғауынның теңізде өлгені ғана айтылып, денесі сақталып тұрғаны жөнініде еш жерден мәлімет таба алмады. Ал, мұсылмандардың сөзіне және Құранға мән бермегендіктен, бұл мәселені құраннан іздегісі келмеді.

Көп өтпей, перғауын денесі қайта қалпына келтіріліп, Мысырға қайтарылды. Бірақ, Моррис Букай үшін бұл жұмбақ жағдайға айналды.

Бірнеше жылдан кейін, Моррис Букай Сауд Арабиаға медицинаның дамуы жөніндегі жиналысқа қатысады. Жиналыста әлемнің әр жерінен келген мұсылман ғалымдарынан ол перғауын денесі туралы қайта-қайта сұрай береді. Мұсылман ғалымдарының бірі Құранды алып шығып, оған Юнус сүресінің 92 аятындағы «Сенен кейінгіге үлгі болуы үшін денеңді (жансыз түрде) құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттарымыздан хабарсыз» деген жерлерін оқытқанда, оның көздері шырадай жанады. Қуанышында шек болмаған ол сол жерде жиналысқа қатысушыларға «мен бүгіннен бастап мұсылман болдым. Құранға иман еттім» деп айғай салады.

Осылайша Моррис Букай еліне басқа адам болып қайта оралады. Ол ендігі ғұмырын ғылыми зерттеулерге-христиан, яһуди және ислам діндері туралы зерттеу жұмысына арнайды. Бірнеше жылғы жапалы еңбек арқылы «таурат, інжіл, құран және ғылым» атты еңбегін өмірге келеді. Бұл еңбек әлемнің 17 тіліне аударылып, исламның Еуропа елдеріне тараулына өз әсерін көрсетті.

Моррис Букай 1998 жылы 18 ақпанда өмірден өтті.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
10 лет назад 5417
3 комментария
О блоге