Қытайдағы алғашқы мешітке 1393 жыл
Қытайдағы алғашқы мешітке 1393 жыл

615 жылы Пайғамбарымыздың қызы Руқия мен күйеу баласы Осман ибн Аффан да (р.а.) қатарлы 15 адам дінді қорғау мақсатында Алла елшісінен (с.а.с.) рұқсат алып Хабашистанға (Эфиопия) көшкені белгілі. Бұған Мекке мен Эфиопия арасындағы тиімді теңіз жолы мен сол кездегі Эфиопия патшасының әділдігі себеп болғаны да белгілі.
Сол хижрет етушліредің көбі Араб түбегіне қайта орала алмады. Сағд ибн әбу Уаққас 616 жылы үш серігімен бірге Қытайға жол тартады. Таң династиясы кезіндегі бұл сапар император Гау Зудің жылы қабылдауына ие болады. Сөйтіп, олар 627 жылы Гуаңжоуда Қытайдағы алғашқы мешіт – Хуайшың мешітін салады. Аты айтып тұрғандай, бұл мешіт - Қытайдағы алғашқы мешіт және Пайғамбарымызға деген алыс жұрттағы мұсылмандардың сағыншы еді. (怀圣 (ХуайШың) – Пайғамбарға сағыныш).
Мешіт әр жыдары бойы жөнделіп, түзеліп отырған. Қазіргі мешітті 1695 жылы КаңШи патша күрделі жөндеуден өткізіпті. Мешіттің жалпы көлемі 2966 квадрат метр.
Қазіргі таңда бұл мешіт – Яңжоудағы ШиянХы мешіті, Чуанжоудағы ЧиЛин мешіті және Хаңжоудағы ФыңХуаң мешіттерімен қатар Қытайдағы ең ежелгі төрт мешіттің қатарына жатады. 

 
Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
3 года назад 2221
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир