Сүниттер мен шиттердің айырмашылығы неде?
Сүниттер мен шиттердің айырмашылығы неде?

Сүнниттер мен шииттер – исламдағы екі негізгі бағыт болып табылады. Осы екі бағыт арасындағы бөліну алғашында саяси мәселесге байланысты туындағанымен, замандар өте келе бұл діни, рухани айырмашлыққа жол ашты.

Көшбасшылық туралы мәселе:

Шииттер мен сунниттер арасындағы алауыздық 632 жылы Мұхаммед пайғамбардың қайтыс болуынан басталды. Бұл оқиға мұсылман қауымының басшылығына кім тағайындалу керек деген сұрақты ортаға шығарды.

Суннизм - исламның ең үлкен және ортодоксалды тармағы. Сүнит сөзі  араб тілінен аударғанда «Пайғамбар дәстүрлерін ұстанушы» деген сөзден шыққан.

Сүнниттік мұсылмандар Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін, білімді, ел басқаруға ықпалды, пайғамбарымыз көзі тірісінде-ақ, жамағатқа басшылыққа бұйырған адамды халифалыққа тағайындауды жөн санады. Осылайша, Әбу Бәкірдің (р.а) халифалыққа келгені белгілі.

Екінші жағынан, кейбір мұсылмандар (шиттер) басшылыққа Пайғамбар әулетінің ішінен, арнайы тағайындаған адамдар арасынан немесе Құдайдың өзі тағайындаған имамдар арасынан сайлануы керек деп санайды  .

Шиа мұсылмандары пайғамбарымыз Мұхаммедтің өлімінен кейін басшылық тікелей оның немере туысы мен күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке өтуі керек деп санайды. Тарих бойында шиит мұсылмандары сайланған халифалардың беделін мойындаған жоқ, олардың орнына Мұхаммед пайғамбар немесе Құдайдың өзі тағайындады деп санайтын имамдардың жолын ұстанды.

Шиа сөзі араб тілінен аударғанда адамдардың топтарын немесе қолдау партиясын білдіреді. Жалпыға танымал термин - тарихи Шиаат-Алиден немесе «Әли партиясынан» қысқартылған . Бұл топты шиттер немесе Ахл-байттың ізбасарлары  деп те атайды .

Сунниттік және шииттік бағыттардың барлығында секталар бар. Мысалы, Сауд Арабиясында сунниттік уахабизм кең таралған болса, шиитизмде друздар Ливан, Сирия және Израильде тұратын эклектикалық секта болып табылады.

Сунни мен шиит мұсылмандарының таралуы

Сүнниттік мұсылмандар бүкіл әлемдегі мұсылмандардың 85 пайызын құрайды. Сауд Арабиясы, Египет, Йемен, Пәкістан, Индонезия, Түркия, Алжир, Марокко және Тунис сияқты елдер негізінен сунниттер.

Шиит мұсылмандарының маңызды популяцияларын Иран мен Иракта кездестіруге болады. Шииттердің азшылықты құрайтын ірі қауымдастықтары Йемен, Бахрейн, Сирия және Ливанда да бар.

Діни тәжірибедегі айырмашылықтар:

Халифалық туралы алғашқы мәселеден туындаған рухани өмірдің кейбір аспектілері қазір екі мұсылман топтарының арасында ерекшеленеді. Бұған намаз оқу және үйлену ғұрыптары жатады.

Бұл пікірлер мен тәжірибелердегі айырмашылықтарға қарамастан, шииттер мен сунниттік мұсылмандар исламдық сенімнің негізгі баптарымен келіседі.

Діни көшбасшылық:

Шиит мұсылмандары имамның табиғатынан күнәсіз және оның билігі қателеспейді деп санайды, өйткені ол тікелей Құдайдан келеді. Сондықтан шиит мұсылмандары имамдарды әулие ретінде қастерлейді. Олар құдайдың шапағатына үміттеніп, өз мазарлары мен қасиетті жерлеріне зиярат етеді.

Бұл нақты анықталған кеңсе иерархиясы мемлекеттік мәселелерде де рөл атқара алады.

Сүнниттік мұсылмандар исламда рухани көшбасшылардың ұрпақтан ұрпаққа берілуін құп көрмейді және әулиелерді қастерлеудің де ешқандай негізі жоқ деп санайды. Олар жамағаттың көшбасшылығы туа біткен құқық емес, керісінше, адамдар қол жеткізуге болатын сенім деп санайды.

Діни мәтіндер мен тәжірибелер:

Сүнниттер мен шиит мұсылмандар Құранды, сондай-ақ Пайғамбарымыздың хадистерін (хадистері) және  сүннетін  (әдет-ғұрыптарын) ұстанады. Бұл исламдық сенімдегі негізгі тәжірибелер. Олар сондай-ақ Исламның бес тағанын: иман, намаз, зекет, ораза және қажылықты қатаң ұстанады.

Шиит мұсылмандары Мұхаммед пайғамбардың кейбір сахабаларына кектене қарайды. Бұл олардың халифалық туралы алғашқы жылдардағы ұстанымдары мен әрекеттерінің көрінісі.

Осы сахабалардың көпшілігі (Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Айша және т.б.) Пайғамбардың өмірі мен рухани тәжірибесі туралы мол мұраны жеткізген. Шиит мұсылмандары бұл дәстүрлерді жоққа шығарады және олардың жеткізген хадситеріне амал етпейді.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
4 года назад 11080
0 комментариев
О блоге