"Тозаққа шерменде ғып бізді салма"
"Тозаққа шерменде ғып бізді салма"

«Пушкин мен Абайға айналып соға беремсоға берем. Апырмай, Пушкин-ай, соншаның бәрін қашан жазып үлгерді екен?» (Мақатаев күнделігінен).

Әр рет Ақыт қажының өлеңдерін оқыған сайын, мені де осындай біртүрлі ойлар түпсіз тереңге жетелей жөнеледі. Әр оқыған сайын әрбір өлеңі жаңаша бір мағына беріп тұратындай ... қарапайым әрі тым күрделі.

Дәл қазіргі әлемге індет тарап, пендеден мейірім кеткен осы кезеңде Ақыт қажының мына дұғасын үнемі айтып тұрған дұрыс сияқты...

 

Атыңнан айналайын әуел Алла,

Есен қыл түзу жолды барша жанға.

Хикаядан тысқары сөз сөйлетіп,

Тозаққа шерменде ғып бізді салма. 

 

Құдая тура сөйлет тілімізді,

Өткізбе күнәменен күнімізді.

Әликирахым қылып фәзіліңмен,

Сақлай көр жаман жолдан дінімізді! (Жиһаншаһ дастанынан)

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
4 года назад 2362
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир