Ежелгі меркіттер христиан дінінде болмаған
Соңғы кездері қай деректі алып қарасаңыздар да, ежелгі Керей, Меркіт тайплары христиан дінін, оның ішінде неостриан бағытын ұстанған деген болжам айтылады. Шындықтан аумай қалғаны соншалық, тіпті сол кезде бұл өзгермес теорияға айналып кетті. Тарихшы, заңғар жазушы М. Мағуин өзінің «Шыңғысхан» трилогиясында «Меркіттер мен наймандарға христиан діні 11 ғасырлардың басында таралыпты деген сөз бар, 2 ғасырға жуық уақыт елдің рухани сеніміне айналған діннен әлі күнге дейін халық арасында белгі-нышандар болмауы неліктен?» деген заңды, логикаға сиятын сұрақ қояды. Шыныменде, исламға бет бұрған...