Ата-ананың қолынан келетіндері мен келмейтіндері
Ата-ананың қолынан келетіндері мен келмейтіндері

- Мен саған өмір сыйлай аламын. Бірақ, сен болып жасай алмаймын;

- Мен саған көп нәрселерді үйрете аламын, бірақ, сені үйренуге зорламаймын;

- Мен сенің қандай адам болатыныңа жол көрсете аламын, бірақ, барлық жол сапарыңның сәтті болуына жауапкер бола алмаймын.

- Мен саған басқаларды қалай құрметтеуді үйрете аламын, бірақ, сенің басқалардың құрметіне бөленуіңе кепілдік бере алмаймын;

- Мен саған нағыз достың қандай болатынын түсіндіре аламын. Бірақ, саған дос таңдап бере алмаймын;

- Мен саған адамдық өмірде ұлы мақсат болу керек екенін түсіндіре аламын, бірақ сен үшін бұл мақсатты іске асыра алмаймын;

- Мен саған ең бағалы заттарды алып бере аламын, бірақ сен үшін нұрлы болашақ жарата алмаймын.

- Мен саған мұсылмандықтың жолын көрсете аламын, бірақ нағыз мұсылман болып өмірден өтеріңе жауапты бола алмаймын.

- Мен саған қалай өмір сүргенде тіпті де мағыналы болатынын айтып бере аламын, бірақ саған мәңгілік өмір сыйлай алмаймын.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
9 жыл бұрын 3550
4 пікір
Блог туралы