Жақсылық жасау және көмектесу адам көңіліне сүйіспеншілік пен мейірім ұялататын, қоғамдық селбестіктің негізін құрайтын көркем қасиет.
Яһудиліктің қасиетті кітабы тауратта әр жеке адам шамасы жеткенше садақа жасауға ерекше көңіл бөледі. Яһуди ғалымдарының пікірінше, бұл үкім бай немесе кедей болсын барлық адамға бірдей. Барлық адам шамалары жеткенше басқаларға көмектесуі тиіс.
Христиандықтың қасиетті кітабы інжілде де жақсылық пен көмектесу тақырыбына көп тоқталған. Иса пайғамбар мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін, жақсы істер істеуді және көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуді бұйырған. Ол жақсылық жасаған уақытта жауап қайтарылуын ғана ойламай көмектесуді бұйырып, тек өзіне жақсылық істегендерге ғана жақсылық жасаушыларды сынаған.
Алла Тағалаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді. «Ниса» сүресі. 36 аят |
Үнді діндерінде жақсылық жасау және көмектесу пенденің мәңгілік бақытқа қол жеткізу жолы деп көрсетілген. Буддизмнің құрушысы Будда (Сиддхартха Гаутама) пенде мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін, басқаларға зиян келтірмеудің жеткіліксіздігін, сонымен бірге адамдарға жақсылық жасау қажеттілігін ортаға қойған.
Ислам дінінде басқаларға жақсылық жасау мен мұқтаждарға көмектесу пенде иманының бір көрінісі. Алла құзырында мұсылманға жасалатын ең құнды нәрсе – жақсылық жасап мұсылманды қуанту. Исламда парыздардан кейінгі ең құнды амал – бір мұсылманды қуанту. Алла құзырында ең құнды амал – мұсылманның қарызын төлеу немесе қиыншылығына көмектесу арқылы оны қуанту. Ең құнды амал – бір мұсылманның кемшілігін жасыру, қарнын тойдыру немесе бір мұқтаждығына көмектесу арқылы оны қуанту. Бір мұсылманның қиыншылығына көмектесіп, оны қуантқан адамды Алла Тағала қияметте ең қиын сәттерде қиыншылықтардан құтқарады. Мұсылман мұсылманның бауыры, оны ренжітпейді, оны қиыншылықта қалдырмайды. Бауырының қиыншылығын кетірген адамның қияметте Алла Тағала қиыншылығын кетіреді.
Ислам және басқа діндерде жақсылық жасаудың бірнеше жолдары бар. Жақсылық жасау және мұқтаж адамдарға көмектесу үшін, бай болу шарт емес. Мұқтажға ақша беру жақсылық болғаны секілді, адасқанға жол сілтеу де жақсылық болып саналады.