Маһди және масих
Маһди және масих

Маһди және Мәсіх ақыр заманда шығатын құтқарушыларды дәріптеу үшін қолданылатын есімдер. Маһди атауы араб тілінен, Мәсіх атауы еврей тілінен енген. Бұл атауларды қазіргі және бұрынғы барлық діндерден кездестіруге болады. Бұл сенім жүйесі тарихтың әр кезеңінде көптеген діни және саяси мүдделік әрекеттерінің жетекші күші болған.

Маһди және Мәсіх сенімі жер бетіндегі діндердің барлығына тән ұғым. Ежелгі Америка тұрғындары болған Астектер болашақтағы құтқарушыларына Куатзал есімін қойған. Маялар құтқарушысын Кокулкан дап атаған. Бұл екі қауым құтқарушының ақырғы заманда келетініне және өздерін жауларынан құтқарып илаһи әділеттілік орнататындығына сенген.

Тарих жағынан ең ежелгі дін болып саналатын Индуизмде құтқарушылар Калка деп аталады. Үнділік сенімде Калкалар әлемді әділетсіздік басқанда келеді және дүниені бейберекетсіздіктен тазалайды. Индуизм негіз болған Будда дінінде  де ақырзаманда келетініне сенетін құтқарушы Матрия делінеді. Матрия будда аяқтай алмаған дінді тәмамдап әлемге жақсылық әкеледі. Ал, Иран діндеріндегі зороастризмде ақырзаманда келетін құтқарушы Саушиянт заратуштра әулетінен болған саушиянт дүниенің белгілеген өмірі түгесілгеннен кейін келіп, мың жылдық құлшынысымен Ахура Мазданы жеңіске жеткізеді.

Яһудилікте келуін күтіп отырған мәсіх Дәуідтің әулетінен болады. Мәсіх келген уақытта дүниенің тарыдай шашылған яһудилерді уәде етілген орынға жинап, ол жерде илһи империяны құрады. Яһудилер оның заманында бақытты өмір кешеді. Христиан сенімі бойынша яһудилер күтіп жүрген мәсіх-әзіреті Иса болмақ. Иса тәңірдің қалауымен крестке шегеленіп өлтіріліп, кейін аспанға көтерілген, ол белгіленген уақытта жерге түсіп, тәңір патшалығын құрады. Ол жерде Исаға ілескендер бақытқа ие болады.

Маһди сенімі шииттер арасында өте кең таралған. Шииттер он екі имам маһдидің өлмей жасырынғанын кейін өзін әшкерлеп мұсылмандардың алдына өтіп оларды басқаратынына сенеді. Бұдан басқа кейбір мұсылмандар әзіреті Исаның мәсіх болып дүниеге қайтып оралатынына сенім артады.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 жыл бұрын 3946
0 пікір
Блог туралы