Ібілістің Аллаға айтқаны
Ібілістің Аллаға айтқаны

Интернет беттерін парақтап отырып, «Әдебиет порталы» сайтынын Иван Алексеевич Бунин атты орыс ақынының өлеңдерін көзім шалып қалды. Ақын ислам өркениетіндегі түрлі ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрімен танысып, олармен көзбе-көз сұқбат құрыпты.

Қарап отырсаңыз, Бунинның «шығыстық жырлары» Пушкиннің «Құранға еліктеуінің» жалғасы іспетті. Орыс ақындары ішінде Құран сырларын жетік меңгеріп, ислам жайында ең көп өлең тудырғаны да осы Бунин екен. Ол Құранның 1901 жылы шыққан орыс тіліндегі аудармасын жанынан тастамаған. Әрбір сүренің, әрбір аяттың мағынасын терең түсіне білгендіктен «Қадыр түні», «Кәусар», «Құс», «Ибраһим», «Қуғындағы Мұхаммед» т.б. көптеген керемет өлеңдерді жазыпты.

 

ІБІЛІСТІҢ АЛЛАҒА АЙТҚАНЫ

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. (Кəһф сүресі, 50 аят.)

 

Мен – оттанмын, Адам – өлі топырағың,

Сəжде қыл деп бұйырдың-ау сен маған.

Ал отқа жақ құрғақ зəйтүн жапырағын,

Құмарлығын жеңіп көрсін енді Адам.

 

Олай болмас, қара да тұр, түш, Құдай,

Мен туымды биік ұстап жүрген ем.

Бұл балшықты құямын да қышшыдай,

Өзім өртеп, өзім оған тіл берем!

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 жыл бұрын 5884
0 пікір
Блог туралы