Дінтанулық терминдер мен атауларға да бірізділік керек
Дінтанулық терминдер мен атауларға да бірізділік керек

Өткендее-ееее ғой. 

Бір керемет ағаймыздың үйінде керемет бас қосу болған. Аракідік үзілсте тағы бір кермет ағайым: -«ана Иегованы неге Ехоба қып жібердің» деді әзіл-шыны аралас. Жалпы, ол кісімен діни әңгімелерді қойып, жай әңгімелердің өзін кібіртіктеп сөйлесеміз. Біліміне сай өзіндік десі бар адам. «Өкіметпен бір ауыздылықты сақтайық деп»- дедім. (жауап берген-сымақ болған түрім ғой).

Шынымен, соңғы кездері Дін істері комитетінің ресим сайтындағы атауына сай болсын деп университетіміздегі дінтану мамандығында кездесетін осы ұйымның атауын толығымен Ехобаға аустырытқаным бар-ды. Ағайым соны меңзеп тұр. «жалпы, дінтанулық атауларды бүкіл ел бойынша бір ізділендіру керек қой» деді Ернар бауырым. Ойланып қалдық....
Кезінде «Иеһова», «Иегова» аталған діни ұйым қазыр тіркелен діни бірлестіктер тізімінде «Ехоба» аталып жүр. Дегенмен де, қалыптасқан атау бойынша қазір әркім әртүрлі жазады. Жаңа бір мақаладан соны көзім шалып қалды. Содан-ғой өткендегі әңігмелердің еске түсіп жатқаны...
Соңғы жылдары Діни басқарманың бастамасымен кейір Ислами атаулар бір жүйеге келтірілді. Енді, жалпы дінтану саласындағы осы түйіткілді мәселені қолға алу керек сияқты. Әйтпегенде, өңірлік, университеттік диалектіге айналған діни атаулар дінтану саласын көгертпесі анық.

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 жыл бұрын 4819
1 пікір
Блог туралы