Ислам экономикасының артықшылықтары
Ислам экономикасының артықшылықтары

Ислам экономикасы  – Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уа сәлләм) сүннеттеріне негізделген, ислами мемлекеттің экономикасын реттеуге арналған қағидалар жиынтығы. Ол заман мен мекеннің өзгешелігін негізге алып кез-келген жерде өз қолданысын табады. Яғни, қоғамның экономикаға қатысты кілтипандарын ислами негізде түзеп, жүйеге келтіреді.

XX ғасыр  басында әлемде жаңа экономиқалық жүйелер бой көтерді. Социализм мен капитализм құрылымынан ойып орын алған олардың мүддесі  бай елдерді отарлап, қазыналарын тонап-соруға негізделген болатын. Олардың күш алуынан ислам жүйесі өскелең қалпын жоғалта бастады. Дінсіз жүйенің өзге мемлекеттерді жаулап, адамдардың жүректерінен дінді суыруға  бағытталған өктемдігінің  астында қалып қойды. Алайда социализм жүйесі  өзінің үстем күшін ұзаққа жеткізе алмады. Себебі социализм адам табиғатына жат қағиданы  дәріптейтін, ол – жеке меншіктің болмауы. Ал қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің экономикасын жаулап алған капитализм жүйесінің де көп ұзамай құлдырайтынына  болжам жасалуда. Себебі қазіргі жаппай орын алып жатқан (жеке тұлға болсын, қоғам болсын) экономикалық қиыншылықтар осыны көрсетуде. Сондықтан уақыт озған сайын ислам экономикасына мұқтаждық артуда.

Ислам экономика жүйесінің өзге  жүйелерден артықшылығын мына мысалдардан көре аламыз:

1. Зекет. Ислам дінінің бірден бір капитализмдік жүйеге қарсы күресі деуге болады.

2. Алла жолында садақа беру.

3.Мирас. Ислам дінің негіздері бойынша дүниеден өткен адамдардың артта қалған дүниесі отбасы мен туған-туыстарына теңдей бөлінуі (әрине ислам құқығы кітаптарындағы ережелер бойынша) шарт. Егер әлгі марқұмның туыстары болмаса, онда ол кісінің дүние-мүлкі қоғам үшін жұмсалады. Яғни, мемлекет бюджетіне өтеді.

4. Өсімнің, пайыздың харам болуы.

5.Жер иемдену, жекеменшік жердің болуы. Яғни, кімде-кім бос жатқан иесіз жерді егінге немесе басқа да жарамды істерге қолдануына толықтай құқылы. Бұл тұрғыда Алла елшісі (с.а.у): «Кімде-кім өлі жерді тірілтсе, ол соған тиесілі» -деген. Ал, жер қойнауынан шыққан алтын-күміс, мұнай сияқты қазба байлықтар (Мәлики мәзхабы бойынша) жалпы халыққа тиесілі, қазына шыққан жер бір адамның меншігінде болса да.

6. Жер бетінде бүлікшіліктің харам болуы.

7.Шариғат тұрғысында таза саналмаған заттармен сауда-саттық жасамау.

8. Адамдардың мал-мүліктерін арам жолмен жеуге бағытталған бүкіл істердің харам болуы. Оларға: пара, құмар ойындары т.б. жатады.  

 

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 жыл бұрын 7130
0 пікір
Блог туралы