Пайғамбарымыздың сүйікті түсі және киімдері
Пайғамбарымыздың сүйікті түсі және киімдері

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өте сұлу кісі болатын. Адамазат асылының сүйікті түсі ақ және жасыл болатын. Ол қызыл және жасыл түс қатысқан киімдерді де киетін. Оған толықтай қызыл немесе сары киініп алатын ерлер ұнамайтын. Қара түсті де құп көрген. Қызыл түсті жамылғыларды, қалпағы бар киімдерді де кие беретін. Басына сәлде, қалпақ, тақия киетін және ең ұнататын киімі ұзын көйлектер болды.

Қатада (Алла оған разы болсын) айтады: «Біз Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісіне қандай киім көбірек ұнайтын?» – деп (сұрағанымызда), ол: «Хибара» (зығырдан немесе мақтадан тоқылған өрнектелген киім), – деп жауап берді». (Муслим).

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
10 жыл бұрын 14872
4 пікір
Блог туралы