Аяқ киім ұрысы
Аяқ киім ұрысы

Бірде Шиғаларың (Шиттердің) барлық ғұламалары Əһли-сүнна мен шиға сенімдеріндегі келіспеушілік мəселелерін кеңеспекші болып жиналған көрінеді. Барлық шиға ғұламалары жиналып болған кезде сүннитерден жалғыз шақыртылған Ахмад ибн Ханбал (р.а.) кешігіп келіпті. Оның сарайға аяқ киімін құшақтап кіріп келе жатқанын көрген шииттер: - Ей, Ханбал. Аяқ киіміңді неге құшақтап алғансың, кімге керек сенің аяқ киімің? - депті кекетіп. Сонда ғұлама ғалым: - Мен шииттердің Пайғамбарымыз заманында-ақ аяқ киім ұрлайтынын естіп едім, - деп жауап беріпті. Бір-біріне таңдана қараған шиттер: - Оу, Ханбал, Пайғамбарымыз кезінде шииттер болған жоқ, - депті сеніммен. Сонда Ахмад ибн Ханбал (р.а.): Онда жиналысымыз аяқталды. Пайғамбарымыз кезінде шииттер болмаса сендер діндеріңді қайдан əкелдіңдер? - деп қайта бұрылып сарайдан шығып кете берсе керек...

Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
10 лет назад 4289
5 комментариев
О блоге