ТАРИХ САХНАСЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР...
ТАРИХ САХНАСЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР...
1648 жылы терістік Германиядағы кеме жүретін өзендердің жағалауы Швецияға, Эльзастағы жерлер, сондай-ақ Мең, Туль, Верден Францияға берілуі туралы Вестфаль бітімі жасалынған. Осылайша алғаш рет халықаралық жүйе ресімделді. Дейтұрғанмен, «патша-құдай болсам» дейтін қу нәпсі қойсынба, әлемдік державаға, байлыққа таласқан ашкөз патшалар жер үстін қанға бөктіруін тоқтатпады. Осының салдарынан жер бетінде неше түрлі ұлттар мен мемлекеттер жауыннан кейінгі жасылдай қаулай бастады.
Бұл әрине, өз кезегінде өз жерінде тып-тыныш ғұмыр кешіп жатқан жергілікті халықты тонау мен бұлаудан бастау алып жатты...
....Түркілердің, монғолдардың, манжурлардың қол астында болған қытай 1911 жылы буржуазиялқ рэвлдицияының нәтижесінде, таза қытайлық мемелкетті құрды. Ол мемлекет «Қытай халықтық мемелекеті (Жуңхуа минго) деп аталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі саяси партия гоминдаңның әлсіздігі саяси аренаға ҚКП-ны әкелді. 1921 жылы құрылған бұл партия енді елді азат етуші негізі партия ретінде көріне бастады.
 
Әлқиса, ежелден азат, қазыр біз Шығыс Түркістан атап жүрген жағырапиялық өңір манжур биілгі кезінде-ақ, қытай-манжур билігіне өтіп болған-ды. Жергілікті милитаристердің халықтарды езуі қара халықтың басына зұлмат болды.
Осылайша, Шыңжаңдағы этикалық мұсылман ұлттардың қытай билігіне қарсы күресі басталды. Күрес басында қазақтар тұрды. Әкбар-Сейіт бастаған Нылқы көтерілісінің ұшқыны Шығыс Түркістан төңкерісіне ұласты.
Күрес нәтижесінде 1944 жылы Шығыс Түркістан Ислам Республикасы құрылды. Алайда, іргесінде ислам елінің ақ туы желбіреп тұруы- коммунистік Мао мен коммунистік Сталинның ұйқысын қашырды. әртүрлі саяси ойындардың сесебімен, 2 жылға жуық өмір сүрген республика таратылып, Қытай биілігімен 11 тармақты бітімге қол қойылды. Шығыс Түркістан өңіріндегі қытай билігі осылайша қайта орнады. 1949 жылы ҚХР құрылып, халық арасына, мәдениетіне жылымық орнай бастағанымен, соңғы 10 жылдықта «баяғы жартас- бір жартас» екендігіне халықтың көзі жете түсті.
Қазір бейресми ақпараттарға негізделгенде, Қытайда 500 ге жуық қазақ тұтықындалған екен.

 

 
Мұратхан МахметұлыМұратхан Махметұлы
7 лет назад 5511
0 комментариев
О блоге