Латын әліпбиіндегі екі нұсқаны да көрдік. Екеуі де көңілге қонымсыз, санаға сыйымсыз. Ана әліпбилермен күллі ғаламдағы қазақтарды рухани кеңістікте біріктірмек түгел, елдегі аз қазақты сауатсыз етеріміз даусыз.
Бір жарым миллион адамы бар қытайдағы қазақтар төтеше нұсқадағы араб әліпбиін қолданады. Оқуға, жазуға жеңіл, қазақтың барлық тілдік заңдылықтарын сақтайды. компьютер тіліне де арабтар сияқты енгізе беруге болады.
Әліпбидің тағы бір артықшылығы- қазақтың және әлемнің біраз класиикалық әлебиеттері төтешеге ауыстырылып, баспадан шығарылған. қайта жазу, шығару шарт емес
Айта кетерлігі, төтешеде 33 әріп және бір жіңішкелік белгіше бар, қарып парсы мәнерінде негізделінген. Жазу бағыты оңнан солға.
1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынұлы «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп де аталған).